"Таза Қазақстан": Игі бастаманың оң нәтижесі

Бүгінгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын 130 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атқарды.
Жуырда өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы» деген болатын.
Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 4000 тоннадан астам қоқыс қалдығы арнайы орындарға шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 400-ден астам техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері облыс аумағына 99500 түп жергілікті климатқа сай келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.



Фото: Қызылорда облысының әкімдігі