Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза аула -– таза көше" санитарлық акциясы бастау алды

"Таза аула -– таза көше" санитарлық акциясы бастау алды

Бүгін Арал қаласының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында қала, кент және ауылдық округтерде «Таза аула – таза көше» акциясы аясында күзгі сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Тазалықты жанына серік еткен аралдықтар санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына белсене араласты.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу сенбілік шарасына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.


"Толқын" ақпарат
10 қазан 2022 ж. 588 0