Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында 2025 жылғы 11-13 мамыр күндері Арал ауданына Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың (РАНТ) мүшесі, дін саласының тәжірибелі маманы, теолог Мамедалиев Нұрсұлтан Орынбасарұлы арнайы іссапармен келді.
Іссапар аясында Нұрсұлтан Орынбасарұлы бірқатар іс-шаралар өткізіп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Атап айтқанда, Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, пробация есебінің тізімінде тіркелген азаматтармен, аурухана қызметкерлері, білім беру саласының мамандары, студенттер және аудан жастары арасында кездесулер ұйымдастырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мешіттерде жамағатпен жүздесіп, діни сауаттылықты арттыру, қоғамда татулық пен бейбіт өмірді сақтау жайында айтылды.
Кездесулер барысында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, дін саласына қатысты мазалаған мәселелерге нақты әрі тұшымды жауаптар алынды.
20 мамыр 2025 ж. 64 0