Оқу жылының аяқталуына орай тиісті тапсырма берілді

Өңірімізде оқу жылының аяқталуы, жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастырудың арнайы кешенді жоспары бекітілген. Соған сәйкес тиісті ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы оқу жылын 339 мектепте (300 мемлекеттік, 39 жекеменшік) 184 924 оқушы аяқтайды, 172 116 оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.
Аймақта қала сыртында орналасқан 8 лагерьде, орталықтарда 7 ауысымда 7 мыңнан астам бала демалыспен қамтылады. Бүгінде лагерьлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, материалдық-техникалық жабдықтары жаңартылды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 766 оқушы Түркістан, Ақмола облыстарында, 4 583 оқушы демеушілер мен кәсіподақтар есебінен Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы сауықтыру лагерьлерінде тынығады.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі