Жазғы сауықтыру лагерьлерінде 7035 бала демалыспен қамтылады деп күтілуде

- Маусым басталар алдында барлық лагерь халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Бүгінгі күні маусымдық 6 лагерьден қорытынды алуға өтініш келіп түсті, Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» лагеріне санэпид қорытынды берілсе, қалған 5-еуі жұмыс үстінде. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді,- деді Бектұр Асанханұлы.
- Облыс көлемінде орналасқан жазғы сауықтыру лагерлеріндегі су айдындары мен жабық бассейндерден 24 су сынамасы және топырақтан 18 сынама іріктеліп алынды, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.Маусым бойы су айдындары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады. Демалатын балалардың арасында инфекциялық ауруларды болдырмау мақсатында лагерьге баратын балалар денсаулық жағдайы туралы 071/е нысаны бойынша «Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтамасы» мен инфекциялық аурулармен байланысы жоқ және профилактикалық егу жұмыстары жүргізілгені туралы медициналық анықтамасы болған жағдайда қабылданады,- деді Ерлан Амантайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі