Өнеркәсіптік қауіпсіздік: Мемлекеттік реттеу механизмдері

- Басқарма қызметкерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметттер қағидаларының талаптарын мүлтіксіз орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет алу бойынша өтініштері заңнамада белгіленген мерзімдерге сәйкес уақтылы қаралуда. 2024 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қағидаларына түсіндірме жүргізу мақсатында облысымыздағы қауіпті өндірістік объектілер иелерімен 3 мәрте техникалық кеңес өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет алушымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында байланысуға жол берілмейтіндігі туралы үнемі түсінідіріліп отырады.Басқарма қызметкерлеріне тұрақты түрде сонымен қатар “Е-өтініш” ақпараттық жүйесіне тіркелген жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, үн қосулар және ұсыныстар бойынша талдаулар жүргізіліп, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптары түсіндіріліп отырады. Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ,- деді Әділжан Бөріұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі