Бүгіннен бастап Сиань–Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды

— Бүгіннен бастап 7 маусымға дейін Сиань–Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы іске қосылады. Бұл пойыз Қазақстан Республикасындағы Қытай туризм жылы аясында ұйымдастырылып отыр, – деді ол ОКҚ алаңында Туристік және халықаралық бағыттағы жолаушылар пойызы туралы баяндамасында.
Сондай-ақ комитет басшысы биыл да Алматыдан Бұхараға дейін туристік пойыз қатынайтынын айтты.
— 2024 жылғы қарашадан бастап Алматы–Түркістан–Ташкент–Самарқан–Бұхара бағыты бойынша «Jibek joly» және «Keruen Express» туристік пойыздары іске қосылды. Аталған пойыздар 2024 жылдың қараша айынан бастап 5 рет қатынады. Туристік агенттіктердің өтініштері бойынша бұл пойыздардың қатынауы әрі қарай жалғастырылады, – деп атап өтті.
Одан бөлек Жәнібек Тайжанов ішкі бағытта 1 наурыздан бері Балқаш–Алматы бағыты бойынша тұрақты пойыз қатынап тұрғанын еске салды.
Бұған дейін биыл жазда Балқаштың курорттық аймағына Астана, Семей, Алматы қалалары және Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) 10 теміржол маршруты ұйымдастырылатынын жазған едік.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі