Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Tengrinews.kz 
16 маусым 2025 ж. 63 0