Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді құттықтады

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті бұл оқиғаны елдің ұлттық мүддесін ілгерілету ісіне зор үлес қосқан Си Цзиньпинге Қытай халқының жоғары бағасы ретінде атап өтті.
«Қытай Сіздің басшылығыңызбен орташа ауқатты қоғам құру жолында бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Келешекте Қазақстан мен Қытайдың түрлі салалардағы стратегиялық әріптестігі қарқынды дами беретініне және халықтарымыздың достығы одан әрі нығая түсетініне еш күмәнім жоқ. Осыған орай өзара сенім мен түсіністікке негізделген біздің жеке достығымыздың маңызы ерекше. Арамыздағы қарым-қатынастарымыз бен бірлескен жұмысымыз келешекте Астана мен Пекиннің жемісті ынтымақтастығының берік тірегі болатынына кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке тілеп, достас Қытай халқының өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірді.

17 наурыз 2018 ж. 1 117 0