Жарты жылдықта жақсы көрсеткішке жету маңызды

Жиынның күн тәртібіне сәйкес 2025 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.
Ауданда І жарты жылдықтың қорытындысымен макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасқан және әр сала бойынша көрсеткіштердің оң қарқыны қамтамасыз етілген. Әсіресе асыраушы саланың әлеуеті артып, мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда мал шаруашылығының оң даму динамикасы қалыптасқан.
Алайда кейбір көрсеткіштер бойынша төмендау байқалады. Осы мәселені назарға алған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жауапты бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне 2025 жылдың жоспарлы параметрлерінің орындалуын қамтамасыз етуге күш салуды тапсырды.
Сонымен қатар бюджеттің игерілу мәселесі бойынша да бірқатар олқылықтарды саралап, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне осы жылға жоспарланған барлық қаражаттарды толығымен игеруді тапсырды.



