Туристік саланы дамыту күн тәртібінде

– Өңірде туризм саласы бойынша индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етіп, ауданға келетін туристердің санын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту маңызды. Ауданда туристік әлеуеті жоғары «Қамбаш» жағажайы жазғы мезгілде облыстық, тіпті республикалық туристік саланы дамытуда алатын орны да ерекше. Алдағы уақытта жағажайда демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін кәсіпкерлік нысандардың заманауи үлгіде салынуына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тиісті салалық бөлім басшысы мен ауыл әкімі қолға алуы тиіс, – деді аудан әкімі А.Оңғарбаев.


