ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен тазалық мәселесіне қатысты мәжіліс өтіп, бірқатар кемшіліктер назарға алынды. Аудан басшысы тазалық мәселесі қай уақытта болсын күн тәртібінен түспейтінін айтып, оған қатысты талаптың әлі күшінде екенін атап өтті.
– Мен қала, кент және ауылдық округтердегі тазалық мәселесін үнемі айтып келемін. Тазалық мәселесі әрдайым күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда Мемлекет Басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көркейту-көгалдандыру, сенбілік жұмыстары жүруде. Бұған дейінгі өткен мәжілістерде тазалыққа қатысты тиісті тапсырмалар берілді. Дегенмен, әлі де болса кемшіліктер бар, – деген аудан әкімі арнайы слайд арқылы секторлар бойынша жол берілген кемшіліктерді атап өтті.
Қоғамдық орындар мен көшелер бойындағы жарық шамдардың кемшілігі, арнайы жол белгілері мен жолақтардың жоқтығы, қоршаулар мен жаяу жүргіншілер жолының бүлінуі сынды мәселелер бүгінгі жиында аудан басшысы тарапынан көтеріліп, жауапты тұлғаларға қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру керектігі жөнінде тапсырма берілді.
Мұнан соң осы мәселеге қатысты Арал қаласының әкімі Б.Ұзақов хабарлама жасап, секторлар бөлінісіне сәйкес қолға алынуы тиіс жұмыстарды нақтылап өтті.
«Жылдың қай мезгілінде болсын тазалық күн тәртібінен түспейді. Талап та жоғары болады». Осылай деген аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, алдағы бір апта көлемінде қолға алынуы тиіс жұмыстар аяқталуы керектігін атап өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі