Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының басшылық құрамымен кездесті

Аудан әкімі Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының басшылық құрамымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Алматы қаласы, Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы ЖШС директоры Алмат Суюбаев және Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы ЖШС, Арал филиалының директоры Минут Есеновпен кездесіп, шаруашылықтың алдағы мақсат-міндеттері төңірегінде ой бөлісті.

Аудан әкімі аталған саланың басшылық қызметіне жаңадан тағайындалып жатқан Алмат Сағынтайұлы мен Минут Ағытайұлының қызметтеріне сәттілік тілеп, аудан активімен, аудандағы Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы Арал филиалының терек пунктіндегі әріптестерімен таныстырып, алдағы уақытта шаруашылықты дамыту мақсатында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде Алматы қаласы, Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы ЖШС-нің директоры А.Суюбаев аталған саланы дамыту бағытында жан-жақты жұмыс жасап, өңірдегі игілікті істерге әркез қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.
Кездесуде сондай-ақ Арал теңізінің мәселесі, аудандағы балық шаруашылығы мен қолға алынған тоған шаруашылықтары төңірегінде әңгіме өрбіді. Сала басшылары мен мамандары алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу арқылы, аудандағы балық шаруашылығын дамытуға ниетті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

22 тамыз 2025 ж. 34 0