Балық шаруашылығы мәселесі қаралды

Күн тәртібінде көктем мезгілінде балық аулау, кәсіпшілік күш-жігер нормативтеріне өзгерістер енгізу және инкубациялық цех құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі мәселелер талқыланды.
Сонымен бірге жиналыс қорытындысы бойынша өңірде балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, көкейтесті сұрақтарға ұтымды жауаптар алынып, балық шаруашылығын дамыту жолдары жан-жақты сараланып, ұсыныс-пікірлер берілді.