Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРНАЙЫ МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

АРНАЙЫ МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Күні кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы балық шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген еңбек озаттары Ермаханов Зауалхан мен Қалыбаева Ұлбосынды қабылдап, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы марапаттарын табыс етті.
Кездесу барысында аудан басшысы: «Арал өңірінің ата кәсібі- балық шаруашылығы жаңа деңгейде дамуда. Балық өңдеу зауыттары салынып, оларда мыңнан астам балықшы жұмыс жасауда. Балық аулау көлемі де артып келеді. Аралдың балығы көрші мемлекеттермен қатар, Евроодақ елдеріне экспортталуда. Балықшылардың еңбегінің нәтижесінде өңірде балық шаруашылығы одан әрі дами түсетініне сенемін»-деді.
Атап өтейік, балық шаруашылығының ардагері Ермаханов Зауалхан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен және «Арал СДО» ЖШС-нің балық өңдеушісі Қалыбаева Ұлбосын Райханқызы аталған министрліктің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.


17 шілде 2020 ж. 653 0