Аралда өткен жылы 3870 тонна балық ауланды

Ауданда жылдық қуаттылығы 19900 тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Оның 4-еуібалықты тереңінен өңдейтін болса, қалған 4-еуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты өңдеумен айналысады. Сонымен қатар, осы зауыттардың 2-еуі («Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-гі, және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары) Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісіне ие.
2019 жылы ауланған балық 3 870 тонна болса, өңделген балық 3 454 тоннаны құрады. Оның ішінде 2019 жылы 2004 тоннасы Ресей,Қытай,Германия, Польша, Нидерланды, Грузия, Украина, Азербайжан, Қырғызстан мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.
Биыл да, Арал өңірі балықшыларының V слеті өткізілді.