Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұбановтың төрағалығымен аудандағы балық шаруашылығын дамыту шаралары жөнінде мәжіліс өткізілді.
Аталған мәжіліске Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, аудан прокуроры және табиғат пайдаланушылар мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Алдымен облыстық табиғи реcурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Шаменов сөз алып, облыстағы балық шаруашылығы саласының бүгінгі жай – күйі, одан әрі дамыту жолдары мен проблемалық мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.
Одан соң аудан прокуроры А.Тәженов биылғы жылдан бастап қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, оның ішінде мал ұрлығы, мас күйінде көлік жүргізу, заңсыз аң және балық аулау бойынша заң талаптарының күшейтілгендігі жөнінде мәлімдеме берді.
Жиынға қатысушылар балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
20 қаңтар 2020 ж. 725 0