Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дариға Назарбаева: Ауыз суға бөлінген 540 миллиард теңге қайда кетті?

Дариға Назарбаева: Ауыз суға бөлінген 540 миллиард теңге қайда кетті?

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева ауылдарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге бөлінген миллиардтардың жұмбақ жағдайда жоқ болатынын айтты. Осы кезде мыңдаған тұрғын ауыз су тапшылығын көріп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Сенат төрайымы өңірлерді сумен қамтамасыз ету шараларының дұрыс жүргізілмей жатқанын, бөлінген қаржы жұмбақ жағдайда жоғалып кететіне шүйлікті.

"Өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Тәуелсіздік алғалы 540 млд-тан астам қаржы жұмсалды. Бірақ елдімекендердегі халық ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Осы ауыз су бағдарламасы Бермут үштағаны секілді қаржы жұмбақ жолмен жоғалып кетеді. Неліктен?", - дейді Дариға Назарбаева.

Сенат спикерінің сөзінше, ауылдық жерлерде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тек қағаз жүзінде қалып отыр. Сондықтан депутаттар ауыл аймақтарды аралау кезінде тұрғындардың шағымын жиі естиді.

Ал халық бас қалада қабылданған жобалардың ауылға жетпей жарты жолда қалатынына наразы. Назарбаева тұрғын үй саласындағы қордаланып қалған мәселелерді де көтерді. Спикер кей өңірде үш ауысымды мектептерді жоюдың орнына, керісінше сұраныс болмаса да тұрғын үй салып жатқан атқамінерлерді сынады.
kaz.nur.kz
23 сәуір 2019 ж. 810 0