Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана құрсағында жатқан егіздердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Ана құрсағында жатқан егіздердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Егіз қыздардың "төбелесі" бейнеленген видео ғаламторға тарап кетті.
Егіз қыздардың әкесі 28 жастағы Тао аталған видеоны әйелін дәрігердің қаралуына апарғанда, Иньчуань қаласында түсіріп алған.
Роликтің кадрларына қарағанда, қыздар анасының ішінде төбелесіп жатқан сияқты.
Жергілікті басылымдардың бірінде ер адам қыздарының бір-бірімен бірнеше раунд бойы жұдырықтасқанын қызық көргенін айтты.
Ол ультрадыбыстың жазбасын видеоға түсіріп алған.
Бейнежазба әлеуметтік желілерге лезде тарап кетіпті. Тао қыздарының дүниеге келмей жатып ғаламтор жұлдызы болатынын күтпегенін алға тартты.
Егіздерде амниотикалық қап пен жолдасы ортақ болған. Бұл - өте сирек кездесетін құбылыс.
23 сәуір 2019 ж. 1 327 0