Қызылорда облысында "Creative Caravan" жобасы іске қосылды

Жоба аясында қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, маркетинг пен заң бойынша тренингтер, фотосессиялар және кеңес беру шаралары өтеді. Сонымен қатар қатысушыларға креативті индустрияны мемлекеттік қолдау тетіктері түсіндірілмек.
«Creative Caravan» жобасы облыстың барлық аудандарын аралап, 16 қазанда Қызылорда қаласында қорытындыланады. Бүгінде өңірде креативті индустрия бағытында мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.
Фото: ашық дереккөзден