Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 17 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен және Риддер қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеофакторлар (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде ауа сапасының нашарлауы ықтимал, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластану деңгейін айқындайтын негізгі факторлар – желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және температура режимі.
17 қараша 2025 ж. 74 0