Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар тек Ақтөбе қаласында және түнде Атырауда тіркелуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетейік, қолайсыз метеожағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.
Ауаның ластану деңгейі көбіне синоптикалық жағдайға – желдің бағыты мен жылдамдығына, жауын-шашынға, ылғалдылық пен температураға байланысты қалыптасады.
11 қыркүйек 2025 ж. 97 0