Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай уақытында елдімекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.