Толқын » Жаңалықтар » Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қаласында ауа райы қолайлы болады. "Қазгидромет" мәліметінше, Орал мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қолайсыз метеожағдай кезінде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы төмендеуі ықтимал. Бұл тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне желдің күші, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы секілді синоптикалық факторлар тікелей ықпал етеді.