Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде төрт баласы бар отбасыларға қайтадан арнайы куәліктер берілетін болды

Елімізде төрт баласы бар отбасыларға қайтадан арнайы куәліктер берілетін болды

Бұл туралы министр Бердібек Сапарбаевтің өзі мәлімдеді. Былтырдан бері тоқтатылған бұл құжатты алу үшін тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жолығуы керек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 
Бір тілімдей көк қағаз, көк куәлікті былтырдан бері тоқтатып тастады. Төртінші перзенті 2018 жылы дүниеге келген отбасылар осы бір құжатты ала алмай, көптеген жеңілдіктен қағылған еді. 
"2018 жылы босанғанмын. Мамыр айында. Ілінбей қалдым. 5 ай кешіктім. Жақында барғанымда наурыз айында  закон әлі жоқ деді. Қазір естіп отырмын", - деді көпбалалы ана Динара Ботапова. 
Динара секілді, 2018 жылы төртінші сәбиін босанып көпбалалы мәртебесіне ілінбей қалғандар көп еді. Енді жаңа үкімет, Мәдина Әбілқасымованы алмастырған жаңа министр осы олқылықтардың орнын толтырып жатыр. Көпбалалыларға берілетін куәліктерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс ата-аналар. 
"4 баладан жоғары баласы бар отбасы көпбалалы болып есептеледі. Оны растайын арнайы куәліктер қайтадан берілуде. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы береді. Сондықтан ата-аналар халыққа қызмет көрсету орталығына барып жолығуына болады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
21 мың теңге жәрдемақының жырына  қатысты ел арасында әзіл-шыны аралас неше түрлі әңгіме тарады. Мұны әлеуметтік қорғау министрі Сапарбаев мырзаның өзі де мойындады. Мойындап қана қоймады, нүктесін қойды. 
"Негізгі түсінбеушілік табысты есептеуден болды. Әсіресе, малына, егініне байланысты. Көп көтерілген сұрақ тауық-жұмыртқа деген. Оның бәрін есептемеу керек. Одан кейінгі көкөніс, алмасы бар, шиесі бар, құлпынайы бар, оны да есептемеу керек", - деді Сапарбаев. 
Министрдің мәліметінше, қазіргі таңда 160 мың отбасына Атаулы әлеуметтік көмек берілген. Алайда 10 мыңдай отбасына мұндай жәрдемақыны ала алмады.  Себебі олардың табысы белгіленген критерийлерден асып кетіпті. Жалпы жыл соңына дейін осы атаулы әлеуметтік көмек үшін бюджетте 130 млрд теңге қарастырылып отыр.  
http://stan.kz
08 мамыр 2019 ж. 2 255 0