Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық іздеу жарияланған қарағандылық Украинада қолға түсті

Халықаралық іздеу жарияланған қарағандылық Украинада қолға түсті

Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесе отырып, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чабанов Константинді Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді.Қазақстандық К.Чабанов Қарағанды қаласының аумағында 21 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін Чабанов қылмыстық қудалау органдарына ұстатпай кетуіне байланысты халықаралық іздеу жарияланған болатын" - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды, одан Қарағанды қаласына жеткізелетін болады.
https://baq.kz
10 мамыр 2019 ж. 905 0