Конституция
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты Жарлыққа қол қойды

Президент Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты Жарлыққа қол қойды

Жаңа Жарлық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметіне қатысты маңызды нормаларды айқындайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Халық Кеңесі – мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның негізгі міндеттері – елдің ішкі саясаты бойынша жалпыұлттық диалогты дамыту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейту. Кеңес заң жобаларын ұсыну, қоғамдық талқылаулар өткізу және референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығына ие.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі 
02 шілде 2026 ж. 45 0