Тағайындау
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Артықбаев Сейілхан Жақыпбекұлы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.Сейлхан Жақыпбекұлы - 1970 жылы Қазалы ауданы, Құмжиек ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазалы аудандық тораптық ауруханасында дәрігер терапевт болып бастаған.
1999 - 2000 жылдары Қазалы ауданындағы «Болат жолы» жанұялық дәрігерлік емханасында жанұялық дәрігер;
2000 - 2008 жылдары Қазалы аудандық темір жол ауруханасында аймақтық дәрігер терапевт;
2008 - 2018 жылдары Қазалы аудандық темір жол ауруханасына қарасты «Линиялық дәрігерлік амбулаториясында» аға дәрігер;
2018 - 2021 жылдары Қазалы аудандық темір жол ауруханасының емхана бөлімінің меңгерушісі;
2021 - 2025 жылдары Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясынының бөлім меңгерушісі;
2025 жылдан бастап Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары (бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі) қызметін атқарып келді.









