Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Арал ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 282 санды өкімімен Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды.
Қайрат Байғабылұлы – 1977 жылы 16 қазанда Қазалы ауданы, Алға ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2000 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «Мал өнімін өндіру технологиясы», 2007 жылы Болашақ университетін «Қаржы», 2020 жылы Болашақ университетін «Құрылысшы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Бозкөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман қызметінен бастаған.
2000-2001 жылдары «Жаңабасшылық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;
2003-2004 жылдары Қазалы аудандық статистика бөлімінің статисті;
2004-2005 жылдары Жалағаш аудандық статистика басқармасының басшысы;
2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық статистика басқармасы басшысының орынбасары;
2007-2008 жылдары «Темірбанк» акционерлік қоғамында банк директоры;
2009-2010 жылдары «НұрАй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың қаржы жөніндегі орынбасары;
2011-2017 жылдары Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, басшысы;
2017-2019 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
2019-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасының директоры;
2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.


kyzylorda-news.kz
03 желтоқсан 2021 ж. 806 0