Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Шахмардан Қойшыбаев 1974 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденінің мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын «Ғалым агроном», «Болашақ» университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Ы.Жахаев атындағы шаруа қожалығының жұмысшы ретінде бастаған.
1996 – 2001 жылдары Ы.Жахаев атындағы колхозының агрономы, «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы;
2001-2005 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы;
2005-2010 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2010 – 2012 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.
2012 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді.
kyzylorda-news.kz
15 қыркүйек 2020 ж. 64 0