Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал қаласының әкімі сайланды

Арал қаласының әкімі сайланды

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Аудан басшысы актив отырысында 14 қараша күні өткен сайлау нәтижесі бойынша аудандық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес Арал қаласы әкімінің лауазымына сайланған Талекенов Ербол Сәтбайұлын таныстырды.Жаңадан сайланған қала әкімі таныстырылған соң қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Танымбетов Әділхан сөз алып, қала әкімінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Атап өтейік, Арал қаласының әкіміне 4 үміткер ниет білдірді. Саяси науқанға қала тұрғындарының 85,4 %-ы қатысып, өз таңдауларын жасаған болатын.
Сайлау қорытындысымен «Nur Otan» партиясынан ұсынылған үміткер Талекенов Ербол халықтың (72,5%) басым дауысын жинады.
Ербол Сәтбайұлы - 1983 жылы 27 қаңтарда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2004 жылы «Қ. Жұбанов» атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», 2011 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Global Trans Service Eurasia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер-логист қызметінен бастаған.
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы, Сарыарқа ауданы бойынша салық комитетінде жетекші маман;
2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік комитетінде жүргізуші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы;
2015-2016 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Көліктік бақылау инспекциясы» Мемлекеттік мекемесінің теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы және Астана қаласы бойынша «Көліктік бақылау инспекциясы» Мемлекеттік мекемесінің теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы;
2017-2018 жылдары Қазақстан Респбликасы Инвестициялар және даму министрлігінің құжаттау және бақылау департаментібасқармасының басшысы және «Жолаушылар тасымалы», «Теміржолсу» акционерлік қоғамы Президенттерінің кеңесшісі;
2018-2020 жылдары «Теміржолсу-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас инженер;
2020 жылдың 15 қазанынан бастап осы уақытқа дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
16 қараша 2021 ж. 3 060 0