АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатовтың жергілікті қоғамдастық мүшелері алдындағы есеп беру кездесуі өтті.Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мерей Маманбайұлы және жергілікті қоғамдастық төрағасы Әнес Әуесов қатысты.
Арал қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы қала әкімі Б. Махатов баяндап өтті.
Жиынға қатысушылар өткен жылы қала әкімінің есебін тыңдап, кей көшелерді жарықтандыру, жер мәселесі және көркейту – көгалдандыру жұмыстарына байланысты ұсыныстарын жеткізді.
Облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жаукеев Ердаулет пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрбол Бисенбекұлы қатысып, қауіпсіздікті және халық арасындағы полицияға деген сенімді күшейту мақсатындағы рейдтік шаралар барысын түсіндірді.
Жиынға жергілікті қоғамдастықтың 19 мүшесінің 15-і қатысып, қаладағы жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.