Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы – ең маңызды мәселе

Ел болашағы – ең маңызды мәселе

Ел дамуының жаңа кезеңі қарсаңындағы 23 тамыз – халық жаңа таңдау жасайтын тарихи күн.
Елдің болашағы – ең маңызды әрі өзекті мәселе. Әрбір азаматтың өз өмірінде орын алып жатқан өзгерістерге қатысты пікірі мен көзқарасы бар. Ел болашағы бізге, біздің ұрпағымызға, ұлтымыздың алға жылжуына байланысты.
Біз өз елімізді дамытуға, өркендетуге, әлемге танытуға ұмтылуымыз керек. Ол үшін біздің мақсаттарымыз нақты, мүдделеріміз айқын болуы тиіс. Барлығымыз бірігіп, мақсатымызға жету үшін күш-жігерімізді біріктіріп, әрбір іс-әрекетімізбен болашақ ұрпаққа жарқын жол салуымыз керек. Біз тек өз мүддемізді ғана емес, елдің жағдайын ойлаған кезде ғана жарқын болашаққа қол жеткізе аламыз. Сол үшін де Сайлауға ерекше таңдаумен бару да маңызға ие.сайлауда Ауызбіршілікпен дауыс берсек, бұл біздің жаңарып, қалыптаса бастағанымыздың айғағы болмақ.
25 шілде 2026 ж. 33 0