Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы үшін дауыс бердім

Ел болашағы үшін дауыс бердім

Болашақ еліміздің тағдыры үшін аса маңызды науқанда әрбір азамат сайлауға белсенді қатысып, өз дауысын беруі керек деп есептеймін. Өзім де №51 сайлау учаскесіне барып, таңдауымды жасадым. Бұл сайлау әр азаматтың өзінің тағдырына ғана емес, ел тағдырына да әсер етпек. Себебі, бала өсіріп, тәрбиелеп, оқытып отырған адамдармыз. Олардың жақсы білім алып, елі үшін еңбек етуіне әр ата-ана алаңдайтыны белгілі. Сол үшін де балаларымыздың келешегі үшін дұрыс таңдау жасауымыз қажет. Қаламыз гүлденіп, жастарымыз жұмыспен қамтылып жатса, нұр үстіне нұр болады деген сенімдеміз. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы өте маңызды. Сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасайық!
Рыскүл ҚАБАҚОВА, 
қала тұрғыны
19 наурыз 2023 ж. 260 0