Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы: Статистика тұрақты дамуды көрсетті

Қызылорда облысы: Статистика тұрақты дамуды көрсетті

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары. Өнеркәсіп, өңдеу өндірісі, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және көлік салаларында өсім тіркеліп, өңір экономикасының тұрақты дамуы жалғасып келеді.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Әбілдаевтың айтуынша, жыл басынан бергі статистикалық мәліметтер өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер қалыптасқанын көрсетеді.
«2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 2,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 13,8 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,9 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,1 пайызға артты. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының көлемі 31,3 пайызға, көлік және қоймалау қызметі 19,8 пайызға, сауда көлемі 2,6 пайызға өсті. Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының орнықты даму бағытын айғақтайды», - деді спикер.
Қаңтар-маусым айларында облыста 1421 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 1393-і жеке тұрғын үй болса, 28-і көппәтерлі тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 355 мың шаршы метрден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,3 пайызға көбейді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс халқының саны 846,4 мың адамды құрады. Соңғы он жыл ішінде өңір тұрғындарының саны 82 мың адамға көбейген. Жылдың алғашқы бес айында облыста 5895 сәби дүниеге келген. Қызылорда облысы туу көрсеткіші бойынша республика өңірлері арасында дәстүрлі түрде алдыңғы қатарда қалып отыр. Орта есеппен күніне 40-45 сәби өмірге келеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

05 тамыз 2026 ж. 45 0