Бүгін – Халықаралық жастар күні
Айтулы датаны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылы бекіткен. Бүгінде Қазақстанда 5 миллион 8 жүз мыңнан астам жас азамат тұрады. Бұл – халықтың үштен бір бөлігі.Елде жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар көп. Мәселен, білім алуына, тұрғын үйге қол жеткізуіне, кәсіп бастауына және кәсіби дамуына арналған түрлі жобалар мен жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды. Ол жас буынды мерекемен құттықтап, олар ұсынған әр игі бастаманы қолдайтынын жеткізді.









