Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды

Аида Балаева жаңа лауазымға тағайындалды

1 желтоқсан күні Мәжіліс әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-пинистрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.
Аида Балаева Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
1999-2002 жылдары Алматы облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2002-2004 жылдары Алматы қаласының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің бастығы болған.
2004-2005 жылдары Алматы бойынша ақпарат басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2005-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директор орынбасары және директоры болған.
2010-2014 жылдары Балаева елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2014-2019 жылдары – Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.
2019-2020 жылдары – Президенттің көмекшісі, Президент әкімшілігінде өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бастығы болған.
2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарып келеді.
stan.kz
01 желтоқсан 2025 ж. 47 0