Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын 1997 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, сол жерде 2005 жылға дейін, әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратын басқарған.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.
2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.