Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды
Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған.Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы 10 жобаның 7-еуі пайдалануға берілді. Олардың жалпы қуаты – 212 МВт.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған.
Пайдалануға берілген жобалардың қатарында Қостанай облысындағы 50 МВт жел электр станциясы мен 22,6 МВт күн электр станциясы, Маңғыстау және Жетісу облыстарындағы қуаты 20 МВт-тан күн электр станциялары, сондай-ақ Қарағанды облысындағы жалпы қуаты 100 МВт болатын үш жел электр станциясы бар.
Жыл соңына дейін Қызылорда облысында жалпы қуаты 30 МВт болатын екі күн электр станциясын және Түркістан облысында қуаты 3,2 МВт шағын су электр станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
ЖЭК жобаларын іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің энергия теңгеріміндегі таза энергия үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі. baq.kz









