Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоталь Оңтүстік Қазақстанда күн электр станциясын салады

Тоталь Оңтүстік Қазақстанда күн электр станциясын салады

Франциялық “Тоталь Ерен” компаниясы Қызылорда мен Жамбыл облысында  фотоэлектрлік қуаты 128 МВт құрайтын екі фотовольттық электр станциясын салады. Жоба құны шамамен 59,7 млрд теңге. 

Станцияның бірі Қызылорда облысы Жалағаш ауылының маңында салынады, оның фотоэлектрлік қуаты 28 МВт ФВ. Екінші жоба (“M-KAT”) - Жамбыл облысы Шу ауылының қасында салынатын фотоэлектрлік қуаты 100 МВт ФВ электр станциясы. 
Аталған жобалар Еуропа Қайта Құру және Даму банкісі (31,3 млрд теңге) және Азия Даму Банкімен қаржыландырылады (11,3 млрд теңге). 
Ұлттық электр желісінің операторы, электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) 100% еншілес компаниясы ҚЕО 2013 жылы құрылған және жаңартылатын көздерден өндірілетін электр қуатын сатып алады.
Толыққанды жобалау, сатып алу және құрылыс (ЖСҚ) жобаларды жүргізу, металлургия және электр қуатын өндіру саласындағы MYTILINEOS S.A жетекші грек өнеркәсіптік компаниясының METKA EGN еншілес компаниясымен екі жоба бойынша ЖСҚ келісімшарттары жасалды. “Номад” пен “M-KAT” бірөстік күнді қадағалау қондырғысын қолданатын Қазақстандағы ең бірінші ФВ электр станциялары болмақ. 
Екі жоба да 2019 жылдың аяғында іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс аяқталған бойда, 40 мыңға жуық қазақстандықтардың мұқтаждығын қамтамасыз ете алатын Nomad пен “M-KAT” жылына сағатына 225 гигаватт жалпы қуат өндіретін болады, ал CO2 шығарындылары жылына шамамен 300 мың тоннаға дейін азаяды. 
Сонымен қатар, екі станцияны салу кезінде 580 адам жұмыспен қамтылмақ. Жергілікті тұрғындардың қатысуымен жаңартылатын энергия туралы семинарлар сияқты әртүрлі білім беру бағдарламалар жергілікті басқару органдарының қолдауымен жүрізіледі.  
Осындай жобалармен “Тоталь Ерен” компаниясы жалпы Орта Азия бойынша қазақстандық нарыққа кіріп, орасан зор табиғи қорлардың және жаңартылатын энергияға көрсетілетін нық саяси қолдау арқасында Тоталь Ерен елімізде және аймақтарда жоғары мүмкіндіктерді көріп отыр.
https://baq.kz
04 шілде 2019 ж. 944 0