Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі отбасы – ұлт берекесі, ел болашағы

Мерейлі отбасы – ұлт берекесі, ел болашағы

Ауданда отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі шаңырақтарды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі қорытындыланды. Байқауға ауданнан 18 отбасы өтінім тапсырып, өздерінің өнегелі өмірі мен отбасы құндылықтарын насихаттаудағы үлгісін көрсетті.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев отбасы – қоғамның берік негізі, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қасиетті шаңырақ екенін атап өтті. Ол байқауға қатысқан барлық отбасыларға алғысын білдіріп, отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болған отбасын айтулы жетістігімен құттықтап, шаңырақтарына бақ-береке, бірлік пен толағай табыс тіледі.
Байқаудың аудандық кезеңінде Құтмамбетовтер отбасы І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жұмағалиевтер отбасы ІІ орынға, Ақжановтар отбасы ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар қатысушы отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – отбасы құндылықтарын насихаттап, өнегелі отбасылардың қоғамдағы беделін арттыруға, ұлттық тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын дәріптеуге бағытталған тағылымды жоба.
Шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, отбасы, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты дәріптейтін әндер мен ұлттық билер көпшілік назарына ұсынылды.

Мерейлі шаңырақ – берекелі қоғамның негізі. Отбасы берік болса – Отанымыз да берік!

20 тамыз 2026 ж. 57 0