Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагердің азаматтық таңдауы

Ардагердің азаматтық таңдауы

Қызылорда қаласындағы №206 сайлау учаскесінде Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Ө. Шаменов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Өмір жолы өнегеге толы ардагер елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.

– Ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың жауапкершілікпен қарауы қажет. Өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Ө. Шаменов.
23 тамыз 2026 ж. 50 0