Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы – ортақ жауапкершілік

Ел болашағы – ортақ жауапкершілік

Ержан Тәженов, қала тұрғыны:
Бүгін – еліміздің болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданатын, ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азамат үшін жауапты күн. Осындай тарихи сәтте өз таңдауымды жасап, азаматтық ұстанымымды білдірдім.
Құрылтай – халықтың үнін естіп, елдің ертеңін бірге айқындауға мүмкіндік беретін маңызды бастама. Мен үшін бұл күн – ел болашағына деген сенімімді білдіріп, өз азаматтық борышымды орындаған ерекше сәт.
Әрбір таңдауымыз – болашаққа жасалған қадам. Еліміздің бірлігі нығайып, берекесі артып, жаңа бастамалар халық игілігіне қызмет етсін. Құрылтай ел дамуына жаңа серпін беріп, жарқын болашаққа бастай берсін!
23 тамыз 2026 ж. 70 0