«Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы дауыс берді
Тереңөзек кентіндегі сайлау учаскелерінің бірінде «Ақмешіт жастары» республикалық газетінің бас редакторы Дәулет Қырдан дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады.Журналист маңызды саяси науқанға қатысу ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуы маңызды.
- Дауыс беру әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіруінің маңызды мүмкіндігі. Сондықтан әрқайсымыз өз таңдауымызға жауапкершілікпен қарап, елдің ертеңіне бейжай қарамауымыз керек, – деді Дәулет Қырдан.
Оның сайлауға қатысуы азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетті.










