Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау учаскесінде ұлттық дәстүр ұлықталды

Сайлау учаскесінде ұлттық дәстүр ұлықталды

Арал қаласындағы №292 мектепте орналасқан №46 сайлау учаскесінде қазақы дәстүр қайта жаңғырып, ұлттық құндылықтар ұлықталды.

Саяси шара барысында халқымыздың ежелден келе жатқан тағылымды дәстүрлерінің бірі — «тұсаукесер» рәсімі ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген бұл көрініс сайлауға келген тұрғындардың ерекше ықыласына бөленіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тұсаукесер — баланың алғашқы қадамына ақ жол тілеп, оның болашағына ізгі ниет білдіретін тәрбиелік мәні зор дәстүр. Осындай ұлттық салттарды жаңғырту — атадан балаға жалғасқан асыл мұраларымызды дәріптеудің жарқын үлгісі.

Сайлау күнінің елдік мәнін ұлттық құндылықтармен сабақтастырған бұл шара тұрғындарға ерекше әсер қалдырды.

23 тамыз 2026 ж. 55 0