Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау учаскесінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды

Сайлау учаскесінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды

Сырдария ауданындағы сайлау учаскесіне дауыс беруге келген азаматтар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар арасында қол күресі, кір тасын көтеру және асық ату бойынша сайыстар өткізіліп, тұрғындар өздерінің спорттық шеберліктерін сынады.
Ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған жарыстар тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сайлау күнінің мазмұнын ұлттық дәстүр мен салауатты өмір салтын насихаттаумен сабақтастырды.
Сайыс қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталып, жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай шаралар ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
#СырдарияАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
#Сайлау
23 тамыз 2026 ж. 52 0