Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

AMANAT: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

“AMANAT” партиясының “Ұлттық мұра” жобасы аясында Арал ауданында медицина қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі сайыс ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ұлттық мұраларымызды кеңінен насихаттау, саламатты өмір салтын қалыптастыру және медицина мамандарының қоғамдық белсенділігін арттыру болды.

Жарыстың ашылу рәсімінде “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық спортты дамыту партиялық жобаның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды қадам екенін, әсіресе жастар мен жұмысшы қауым арасында мұндай шаралардың жиі өткізілуі көпшілікті бірлікке, сергектікке шақыратынын жеткізді.

Сайыс барысында қатысушылар асық ату мен бес асық ойындары бойынша сынға түсіп, өз шеберліктерін танытты. Әрбір кезең тартысты әрі қызықты өтті.
Жарысқа қатысқан медицина қызметкерлері ұлттық ойындардың қасиеті мен тәрбиелік маңызын ерекше атап, мұндай бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табуын қолдайтындарын білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар белсенділік танытқан бірқатар қатысушыларға арнайы ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Шара өз мәресіне жетіп, қатысушылар ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған мұндай бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.
12 желтоқсан 2025 ж. 121 0