Сайлау: дәстүрлі ән-жырдан шашу шашылды

Ал З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде орналасқан 45 сайлау учаскесінде ән-жырдан шашу шашылды. Дәстүрлі ән орындап, би билеген «Ұлағат» аспапты ардагерлер ансамблі Наурыз мерекесі қарсаңында дауыс беруге келген азаматтарға айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлады.