Ардагерлер ансамблі кеш өткізді

Көңіл сергітер керемет кешке қала әкімі Ербол Талекенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Танымбетов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бауыржан Махатов арнайы қатысып, өнерпаз ардагерлерге Құттықтау хатын табыстады.
Ардагерлерден құралған ансамбльдің құрылу тарихына тоқталсақ. «Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблі 2013 жылы өнер иелері Маруся Нұрмағанбетованың қолдауымен, сазгер Достан Көзмағанбетовтің келісімімен құрылған болатын. Ансамбльдің құрамында 19 өнерпаз бар. Өнерпаздардың әрқайсысы түрлі салада қызмет атқарған құрметті ардагерлер. Бірі ұстаз болса, енді бірі дәрігер, мәдениет қызметкері, қойшы, тәрбиеші, имам болып қызметтер атқарып, құрметті демалысқа шыққан ата-әжелер бар.