Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңнамалық талаптарды түсіндіру жөнінде семинар өтті

Заңнамалық талаптарды түсіндіру жөнінде семинар өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарын заңнамалық түсіндіру бойынша семинар өтті.

Семинарда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс әрі талапқа сай толтыру, қажетті құжаттарды жинақтау, әкімшілік материалдарды уәкілетті органдарға уақытылы жолдау, сондай-ақ істі қарау кезінде заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланып, кент және ауыл әкімдеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу барысында жиі кездесетін қателіктер, құжаттарды толтырудың тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін дұрыс тіркеу және қабылданған шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша пікір алмасты.

Іс-шара еркін форматта өтіп, тәжірибе алмасуға және әкімшілік заңнама талаптарын дұрыс қолдану мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

26 тамыз 2026 ж. 42 0